Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мақсат Базарбаев Алматыда 50 жасқа толған мерейтойын атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол тойына тек жақындары мен достарын шақырып, дастарханға ішімдік қоймаған. Бұл туралы Бақыт Тушаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, Мақсат Базарбаевтың мерейтойы өнер адамдарының әдеттегі тойынан өзгеше өткен. Әнші даңғазадан бас тартып, 200-ге жетер-жетпес қонақтың басын қосқан. Сондай-ақ тойға әлеуметтік желіге контент түсіретін мамандарды кіргізбеген.
– Жалпы әр адамның жасаған дүниесі болмысына сай болады емес пе. Кешегі той көпке үлгі болған, ойнатып отырып ойландыратын, симфониялық шығарманың желісіндей өткен душевный той болды, – деп жазды Бақыт Тушаев.
Ол мерейтой иесі мен жұбайы Әселдің әр қонаққа жеке көңіл бөліп, тойды қарапайым әрі мағыналы өткізгеніне сүйсінді.
Бақыт Тушаев Мақсат Базарбаевпен жиырма жылдан астам уақыттан бері араласатынын айтып, отбасына қатысты естелігін де бөлісті. Әнші мен жұбайының тұңғыш перзентін тоғыз жыл күткенін, балалары дүниеге келгенде қуанышына ортақ болғанын еске алды.
– Әсел жеңгеміз екнуіңіз 9 жыл аңсап күткен Аңсарыңыздың өмірге келгенінде бірге жылағанымыз есімде. Артынан Жаратқанымыз берген Айбар, Аят, Аянаттай перзентеріңіздің қызғын көріңіз, – деп тілек білдірді ол.
Сондай-ақ Бақыт Тушаев өзінің үйлену тойында Мақсат Базарбаевтың құда болып барғанын, келінді өзі түсіргенін айтты. Ол әншіні мерейтойымен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық кешін ұйымдастыруға атсалысуға ниетті екенін жеткізді.
