Қазақстан ерлер құрамасы Ресейдің Сириус қаласында өткен керлингтен Sirius International 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жартылай финалда отандастарымыз «Ресей-3» командасына 3:5 есебімен жол берді.
Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы «Ресей-1» командасын 7:5 есебімен жеңді.
ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша, ұлттық құрама турнирді үшінші орынмен аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
