Қазгидромет 26 қараша, бейсенбідегі жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
Сонымен қатар ел аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
Еліміздің солтүстік-батысында жауын-шашын болуы мүмкін.
Республика аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады.
Солтүстік-батыстың, солтүстіктің және оңтүстіктің жекелеген аудандарында жаяу бұрқасын соғады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
