Финалға шығу үшін Құрманғалиев пен Фараджи Оңтүстік Кореяның Ким Дэхван мен Ли Хенхо жұбымен кездеседі.
Алан Құрманғалиев жастар арасында әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҚТФ
92
оқылды

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан жастар арасында үстел теннисінен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Жұптық сында отандасымыз Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда олар Үндістан құрамасының өкілдері Абхинандх Прадхивади мен Приянудж Бхаттачарьяны 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін қанжығасына байлады.

ҚР Теннис федерациясы мәліметінше, финалға шығу үшін Құрманғалиев пен Фараджи Оңтүстік Кореяның Ким Дэхван мен Ли Хенхо жұбымен кездеседі. Бұл матч 26 қарашаға жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.