Синоптиктер 26 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болатынын хабарлап, дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде келесі қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі:
Қатты жел Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарында.
Жауын-шашын, боран және көктайғақ — Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында.
Тұман Ақтөбе, Атырау, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
