Қазгидромет 28 қараша, сенбі күні Қазақстан аумағында болатын ауа райы мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз болады.
Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағында ауа райының құбылмалы сипатын сақтайды. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.
Елдің шығысы мен орталығында қалың қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады.
Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында желдің екпіні кей уақытта секундына 30 метрге және одан да жоғары жылдамдыққа жетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
