Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде әсерлі бейнежазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өмірде бір ғана нәрседен қорқатынын айтқан. Ол – өмірде жылтыраған дүниенің соңынан қуып, өзін жоғалтып алу. Оның айтуынша, өмірдегі басты дүние – адам өзінің шынайы болмысына оралып, ішкі үнін ести алуы.
«Мен өмірде біреуге ұнамай қалудан, қателік жасаудан қорықпаймын. Біреудің мінінен қорықпаймын. «Ит үреді, керуен көшеді». Мен туралы не айтылмайды? Ол өсектердің біреуінен де қорықпаймын. Айтқысы келген адам айта берсін. Ол мен үшін қорқынышты емес. Бетіме әжім түскенінен, қарттықтан да қорықпаймын. Шашыма ақ түскен, ақ шаштарымнан да қорықпаймын. Өмірде арықпын ба, толықпын ба, сұлумын ба, сұлу емеспін ба? Одан да қорықпаймын. Мені біреу сүймей қалса да қорықпаймын. Сынаса, айыптаса да қорықпаймын. Дос еместер дос санатынан шығарса да, елемесе де қорықпаймын. Алданып қалудан, жұрттың алдында күлкі болудан қорықпаймын. «Ел не дейді?» деуден де қорықпаймын. Адамдардың менің сыртымнан айтатын әңгімесінен де қорықпаймын. Мен өмірде бір-ақ нәрседен қорқамын. Қашқанға да, қуғанға да серік болып жүріп, жылтыраған иллюзияның ішінде өмір сүріп жүріп, өзімді естімей қалудан, өзімді жоғалтып алудан ғана қорқамын», - дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
