Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының алғашқы жұмыс отырысы өтті.
Стратегиялық дамудың басым бағыттары қаралды
135
оқылды

Жиынды ашқан Ерлан Қарин Сарап­тама тобының негізгі міндеті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қына Жолдауындағы еліміздің ұзақ­мерзімді даму бағдарлары мен басым­дық­тарын айқындайтын стратегиялық құжат әзір­леу жөніндегі тапсырмасын орындау екенін атап өтті.

Вице-Президент құжатты әзірлеудің тұ­жырымдамалық тәсілдеріне тоқталып, бұл жұмыс биыл күшіне енген Консти­ту­ция аясында да айрықша маңызға ие еке­нін жеткізді.

– Еліміздің ұзақмерзімді даму страте­гия­сын талқылауға отандық сарапшы­лар­ды кеңінен тарту қажет. Бұл үшін ұлттық фор­сайт ұйымдастырып, әлеуметтік сауал­намалар, фокус-топтар, салалық зерт­теулер және өңірлік сараптамалық тал­қылаулар өткізу керек, – деді Ерлан Қарин.

Сараптама тобының отырысында Қауіп­сіздік Кеңесі Төрағасының орын­ба­­сары, Сараптама тобы жетекшісінің орын­­басары Аида Балаева, Президент кеңес­шісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, Сараптама тобы жетекшісінің орын­ба­сары Әсет Ерғалиев, Сараптама тобының хат­шысы, Президент жанындағы Қазақ­стан стратегиялық зерттеулер инс­ти­ту­ты­ның директоры Жандос Шаймарданов, Сараптама тобының мүшесі, «СИМКОН» үнем­ді технологиялар өңірлік орталы­ғы­ның директоры, форсайт-зерттеулер жө­ніндегі маман Олег Мецик сөз сөйледі.

Сараптама тобының мүшелері – Ға­зиз Әбішев, Мадина Нұрғалиева, Бөріхан Нұр­м­ұхамедов, Евгений Мухамеджанов, Ерлан Досымбеков, Гүлмира Илеуова, Ай­дос Сарым, Ренат Бектұров, Дархан Ах­медиев, Қуа­ныш Жайықов, Әнуар Боран­баев, Ан-д­рей Чеботарев, Марат Шибу­тов, Рауан Кен­жеханұлы, Жұлдызай Ысқақова, Мақ­сат Мұқанов стратегияны әзірлеу тәсілдері жөніндегі ұсыныстарын ор­таға салды.  

Жиын барысында Қазақстанның ұзақ­мерзімді даму стратегиясын қалып­тас­тырудың тұжырымдамалық тәсілдері мен әдіснамасы, Сараптама тобы жұмыс жоспарының жобасы қаралды.

Келесі отырыста Сараптама тобының мү­шелері Қазақстанның даму жағдайына ық­пал ететін жаһандық және өңірлік үр­дістерді талқыламақ.