Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, әзірге Ақтөбе облысының тұрғындары сайлауда ең жоғары белсенділік танытып отыр.
Мәслихат сайлауы: сағат 10:00-ге дейін сайлаушылардың 12,31 пайызы дауыс берді
www.istockphoto.com
108
оқылды

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша елімізде тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,31 пайызы дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, әзірге Ақтөбе облысының тұрғындары сайлауда ең жоғары белсенділік танытып отыр. Өңірде сайлаушылардың 16,49 пайызы дауыс берген. Одан кейін Қызылорда (16,33%) және Түркістан (15,32%) облыстары тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді (6,41%).

Өңірлер бойынша сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші:

Астана қаласы – 9,93%;

Абай облысы – 12,56%;

Ақмола облысы – 12,04%;

Ақтөбе облысы – 16,49%;

Алматы облысы – 13,53%;

Атырау облысы – 11,86%;

Батыс Қазақстан облысы – 11,85%;

Жамбыл облысы – 12,83%;

Жетісу облысы – 14,24%;

Қарағанды облысы – 14,01%;

Қостанай облысы – 9,75%;

Қызылорда облысы – 16,33%;

Маңғыстау облысы – 13,02%;

Павлодар облысы – 10,91%;

Солтүстік Қазақстан облысы – 10,82%;

Түркістан облысы – 15,32%;

Ұлытау облысы – 12,97%;

Шығыс Қазақстан облысы – 14,37%;

Алматы қаласы – 6,41%;

Шымкент қаласы – 12,67%.

Орталық сайлау комиссиясы бұл аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала деректер екенін хабарлады.