Құтқарушылар оларды жағалаудан үш шақырым жерден тауып, аман алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бірақ оқиға мұнымен аяқталған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 28 қарашада Түпқараған ауданының аумағында болған. Теңізде толқын күшейіп, қайықтағы екі адам өздігінен жағаға қайта алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп, екі азаматты қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Дегенмен құтқарылған азаматтар судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша екі хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райы қолайсыз кезде суға шықпау керектігін ескертті. Сондай-ақ үрлемелі қайықпен жағалаудан алысқа бармауға және құтқару кеудешесін міндетті түрде киюге шақырды.
