Атырау облыстық перинаталдық орталығында 8 нәресте өмір есігін ашты. Оның 6-ы – ұл, 2-еуі – қыз.
Сайлау күні Атырау қаласында 11 сәби дүниеге келді
150
оқылды

29 қараша – мәслихат депутаттарын сайлау күні Атырау қаласындағы перзентханаларда түнгі сағат 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін 11 сәби дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 8 нәресте өмір есігін ашты. Оның 6-ы – ұл, 2-еуі – қыз.

Ал Атырау қалалық перзентханасында 3 босану тіркелді. Мұнда екі ұл және бір қыз бала дүниеге келді.

Осылайша, сайлау күні түске дейін Атырау қаласында 8 ұл мен 3 қыз бала өмірге келді. Әзірге, егіздер мен үшемдердің өмірге келуі туралы деректер тіркелмеді.

Баян Жанұзақова