Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы барлық сайлау учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. Сондай-ақ қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешуде мәслихаттың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Астана, Алматы және Шымкент әкімдері мәслихат сайлауында дауыс берді
146
оқылды

Республикалық маңызы бар үш қаланың әкімі бүгін, 29 қарашада өтіп жатқан мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы барлық сайлау учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. Сондай-ақ қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешуде мәслихаттың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Satbayev University ғимаратында орналасқан №257 сайлау учаскесінде дауыс берді. Қала басшысы жергілікті басқару жүйесінде мәслихат депутаттарының рөлін күшейтудің маңызына тоқталды.

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков те сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның барлық өңірінде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.