Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылының тұрғыны Сағатбек Мәслихат мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның есімі мен сайлау науқанының атауының үндесуі бұл оқиғаға ерекше назар аудартты.
Ауылдық мәдениет үйінде қызмет ететін Сағатбек Мәслихат 29 қараша күні №369 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру рәсімінен өтті.
«Әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан дауыс беру құқығын пайдалану маңызды деп санаймын», – деді ол.
Айта кетейік, мәслихат депутаттарын сайлау – жергілікті өкілді органның құрамын қалыптастыруға бағытталған маңызды саяси науқан. Ал Сарқандық тұрғынның есімі осы науқанмен ерекше үйлесім тауып отыр.
