Алдын ала тексеру нәтижесінде пайдаланушылардың деректеріне нұқсан келгені анықталмаған.
Кибершабуылға ұшыраған білім беру платформасының жұмысы қалпына келтірілді
100
оқылды

Кибершабуылға ұшыраған BilimClass білім беру платформасының жұмысы қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала тексеру нәтижесінде пайдаланушылардың деректеріне нұқсан келгені анықталмаған.

Компанияның мәліметінше, мамандар шабуыл жасаушылардың әрекетін дереу тоқтатып, жүйенің жұмысын қалпына келтірген.

– Сағат 09:00-ге дейін жүргізілген тексеріс нәтижесіне сәйкес, кибершабуыл жасаушылар платформаның мәтін аудармасы сервисіне қол жеткізіп, кейбір оқу пәндерінің атауын өзгерткені анықталды. Платформа пайдаланушылары деректерінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру фактілері анықталған жоқ, – делінген компания хабарламасында.

Қазір тиісті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп тексеру жүргізіліп жатыр. Компания пайдаланушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Еске сала кеткен жөн, 29 қарашаға қараған түні сағат 01:09-да BilimClass білім беру платформасына кибершабуыл жасалған еді.