Бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі жергілікті өкілді органдарда өткізіліп жатқан алғашқы сайлау.
Құрылтай Төрағасы мәслихат сайлауында дауыс берді
181
оқылды

Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай елордадағы мектептердің бірінде орналасқан сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүгін еліміздің түгел өңірінде азаматтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлап жатыр. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша, ал аудандар мен қалалардың мәслихат депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі жергілікті өкілді органдарда өткізіліп жатқан алғашқы сайлау.