Нұр-Сұлтанда тағы төрт адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 17:55 жағдай
⠀
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам Нұр-Сұлтан қаласында тiркелді.
⠀
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 166 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 271 науқас тіркелді", – делінген минстрлік таратқан хабарламада.