30 наурыздан бастап Атырауда карантин жарияланады
30 наурыздан бастап Атырауда карантин жарияланады
© Сурет ғаламтордан
339
оқылды
30 наурыздан бастап Атырау қаласы аумағында карантин жарияланады, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. "Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29-наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30-шы наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады. Қауылының толық мәтіні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығады", – деп жазылған порталда. Еске салайық, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылған. Осы сағатта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 271-ге жетті.