Өзбекстанда 5 күнде 10 мың адам емделетін карантин орталығы салынды – видео
Өзбекстанда 5 күнде 10 мың адам емделетін карантин орталығы салынды – видео
Фото: Интернеттен алынды
387
оқылды
Өзбекстанның Ташкент облысында жедел түрде COVID-19 алдын алу үшін 10 мың орындық карантин орталығы салынды, – деп жазады Газета uz. Құрылыс министрлігінің мәліметінше, карантин аймағына кіріп-шығу тәртібі де қатаң бақыланады. Орталық қолданысқа берілген.  Ұазіргі уақытта онда 650 науқас ем қабылдап жатыр. Олар – Мәскеу мен Дубайдан чартерлік рейс арқылы келгендер.   [caption id="attachment_31492" align="alignnone" width="1200"]Өзбекстан, аурухана, коронавирус, науқас Фото: Интернеттен алынды[/caption] 55 гектар аумақты бес күнде салу жоспарланған. Нысан ретінде контейнерлер қолданылған. Олар үш адамға арналған. Әр нысанда кондиционер, санитарлық торап, душ пен теледидар қойылған.   https://youtu.be/jxqRuhl6f2k   Айта кетейік, 29 наурызда Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 144 адам тіркелген. Бір науқас қайтыс болған, вирусты жұқтырған алғашқы  7 адам ауруынан айыққан. Өзбекстанда мамыр айына дейін карантин жарияланған.