Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты, бір түнде 892 адам қайтыс болды. Алайда елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Бореллидің айтуынша, елде вирусты жұқтыру бойынша рекордтық төмен көрсеткіш тіркелген, – деп жазады «РИА Новости».
«Бүгінде 75 528 италиялық коронавирусқа шалдыққан, бір тәулікте 1648 адам коронавирус індетін жұқтырған», – деді Анджело Борелли.
Соңғы 13 күнде вирус жұқтырғандардың саны тәулігіне 3 мыңнан түспеген. Науқастардың коронавирусты жұқтыру бойынша төмен көрсеткіші 10 наурыздан бері тіркелмеген.
«1590 адам жазылып шықты. Ал жалпы 14 620 науқас вирустан емделіп шықты. Бұл – эпидемия басталғаннан бері рекордтық көрсеткіш», – деп мәлімдеді Борелли.
Бореллидің сөзінше, қайтыс болған және емделіп шыққан науқастарды қосқанда жалпы 101,7 адам коронавирусты жұқтырған.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 308 адам коронавирусқа шалдыққан.