Бүгін қашықтан оқу жүйесі сынақтан өтеді
Бүгін қашықтан оқу жүйесі сынақтан өтеді
157
оқылды
Жаһанды аяғынан тік тұрғызған індет айылын қашан жияры белгісіз болғандықтан, әлем елдері қашықтан білім беруге көшті. Оның ішінде Қазақстан да  бар. Бүгін – 1 сәуірде еліміздің барлық мектебінде қашықтан оқуға сынама жүргізіледі, яғни мұғалімдер оқушылардың жүйеге қалай қосылғанын тексереді. Ал ертең ата-аналар жиналысы өтіп, онда жүйеге қосылуды, балалар жұмысын дұрыс ұйымдастыруды үйренеміз.  3 сәуір  күні өтетін сынып сағатында қашықтан оқу форматы туралы барлық сұраққа жауап беріледі. Сөйтіп, 6 сәуірде мектеп те, ата-ана да, құрылғылар да қашықтан білім беруге дайын болуы керек. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.   

Қашықтан оқыту төрт бағытта жүргізілмек

Министрдің айтуынша, қа­шық­тан оқу ауыл мек­теп­те­ріне жә­не шалғайдағы ша­ғын жинақты мек­тептерде оқи­тын балаларға қиын бо­ла­ды. Сондықтан ең басты на­­зар­ды осы мәселеге аударып, тиіс­­ті жұмыс жүргізілген. Нә­­ти­же­сінде, қашықтан оқы­ту­дың 4 ба­ғы­ты айқындалды. Бі­рін­ші бағыт – те­ледидар ар­қылы тиісті сабақ­тар­ды беру. Бұл бастамаға рес­пуб­ли­ка­лық 2 телеарна келісімін бер­ген, олар – «Балапан» мен «Ел арна» те­леарналары. Атал­ған телеарналар ар­қылы са­бақ тиісті кесте бойынша кү­­ніне 8 сағатты қамтиды. Төр­тін­ші тоқсанды қамту үшін 3 360 са­бақ түсіру керек бол­са, қазіргі уа­қытта осы са­бақ­тардың 300-ден ас­тамы  дайын болыпты. «Әрине, бұл өте күрделі мә­селе. Осын­дай үлкен індет бо­лып жат­қан­да ұстаз­дары­мыз телеарнаға ке­ліп, тиісті тү­сірілімге қатысып жа­тыр. Ұстаз­дарымыз мұндай түсі­рі­­лім­ге дайын болмаған. Теле­жүр­­­гізу­ші ретінде өзін жаңа рөл­де сы­нап жатыр. Сабағы 10-15 минут­қа түсінікті әрі ба­ла жалықпайтын­дай дұрыс фор­матта беру де үлкен ем­­ти­хан. Түсірілімге қатысып жат­­­қан ұстаздарға алғыс айтқым ке­­­­леді», – дейді министр. Министр айтқан екінші бағыт – радио. Оның айтуынша, елімізде те­ледидар сигналы жетпейтін елді ме­кендер бар екен, міне сол ауыл­дар­да Қазақ радиосы бар. Қазақ ра­диосынан да сабақ тиісті кестеге сәй­кес жүргізіледі. Үшінші бағыт – пош­та арқылы. Еліміздегі  1 200 ел­­ді мекенде небәрі 3-5 оқушы ға­на бар екен. Оларды мұның ал­дын­да күнделікті көлікпен мек­теп­ке алып келіп, алып кететін. Бұл ба­лалар да білім алуы керек. Сон­дықтан да бұл ретте пошта арқылы да жұмыс жүргізілмек. Ал  төртінші бағыт бойынша, сабақ интернет жүйесі арқылы жүргізіледі. «Жалпы, қысқа уақыттың ішін­­де бірнеше интернет плат­фор­ма­­сын, цифрлы ресрустарды дайын­дап болдық. Ең бастысы, ұстаз­дарымыздың осы цирфлы плат­формаларды пайдалана білу мә­селесіне де ерекше көңіл бөліп отыр­мыз. Сондықтан әр мектепте, кол­леджде, ЖОО-да, білім бөлім­дері мен басқармаларында осы жұ­мыс жүргізіліп жатыр», – деді Асхат Аймағамбетов.  

Шалғай ауылдың балалары мектепте оқиды

Ал еліміздің шалғай елді ме­кендеріндегі оқушылардың 4-тоқсанды мектепте оқуға мүм­кіндігі бар. Мұндай ауыл­дар­дағы үлкен мектептерде ба­ла саны өте аз, көп дегенде 50 бала ғана білім алады. «Осы мектептер бойынша қа­зіргі уақытта тиісті шешім қа­­былдадық. Әрине, эпиде­мио­логиялық жағдайға бай­ла­­­нысты әлі де шешімді қа­рап, керек болса, түзетеміз. Бі­­рақ республика бойынша осын­дай мектептердің тізімін анық­тадық және бұл мектеп­терде қазіргі уақытта тиісті ка­рантиндік шаралар қабыл­д­а­­натын болса, онда сол мек­теп­тер өздерінің дәстүрлі фор­­матында жұмысын жал­ғас­тыруына мүмкіндіктері бар», – дейді министр. Тек са­бақ өткізу уақыты 30 ми­нут­қа қысқартылады. Айтқандай, Білім және ғы­лым министрі компьютер, ин­тернет пайдалану мүм­кін­дігі төмен елді мекендердегі оқу­шыларға мессенджерлер ар­қылы сабақ оқуға рұқсат бе­рілгенін айтты. Бұл нұс­қау­лық­та да жазылыпты. «Қазір, әсіресе Whatsapp не­месе басқа да мессенджер­лер ұстайтын шалғайдағы елді мекендерде осы жүйе бойын­ша жұмыс атқаруға тура ке­ле­ді», – деді ол. Бірақ бұл кез­де қа­шықтан оқыту жүйесі төрт емес, бес бағыт болып шық­пай ма?    width=

Ең өзекті мәселе – компьютер жетіспейді

Қашықтан оқуға дайын­дық барысында сапалы ин­тер­­нетпен қамту мәселесі ал­­дан шыққан болатын. Бір­ден айтайық, бұл Білім және ғы­лым министрлігінің құзы­рын­­дағы мәселе емес. Осын­дай қысылтаяң сәтте ауыл-ай­мақты жоғары сапалы ин­тер­нет­пен қамтамасыз етуге жауап­ты құрылымдар жұмы­сы­­ның сапасы да білініп жа­тыр. Салдары білім беру сала­сы­на тиіп отыр. Асхат Айма­ғам­бетов сапалы интернет мә­селесі ауыл тұрмақ қаланың өзін­де өзекті екенін айтып қал­ды. «Ауылдағы мектептің кө­бін­де интернет жоқ десек, ол тек ауылдағы мектептерге қа­тысты мәселе емес. Біздің кей­бір үлкен немесе шағын қа­­лалардың өзінде тех­ни­ка­лық мүмкіндік болғанымен, біраз оқушымыздың үйлерін­де мүлдем компьютер жоқ. Тех­никалық мүмкіндігі бар ба­лаларды интернетке қосу мә­селесі де бар. Сондықтан жер­гілікті атқарушы органдар бұл бағытта жұмысты бастап кет­ті. Техникалық мүмкіндігі бар, бірақ интернетке қосыл­ма­ған балаларды интернетке қосумен қарқынды айналы­сып жатыр», – дейді министр. Министрлік дерегінше, бү­­гінгі таңда интернеті, тех­ни­­калық мүмкіндігі бар 300 мың­нан астам баланың ком­пью­­тері жоқ. БҒМ бұл мәсе­ле­ні шешудің екі жолын қа­рас­тырып отыр. Біріншісі – мек­тептер балансындағы ком­пьютерлерді балаларға уақытша беру. Бұл жұмыс  Нұр-Сұлтан, Алматы қала­ла­рында белсенді жүріп жатыр. Мы­салы, Алматы қаласы 10 мың­нан астам компьютерді та­ра­тып үлгерген. Мектеп ком­­­пьютерлері  уақытша пай­да­лану актісімен беріліп жа­тыр. Компьютер мектеп оқу­шы­лары түгілі, мектептердің өзін­де де жетіспейді.  Сон­дық­тан министрлік компью­тер­лер сатып алуға кіріскен. «Біздің ойымызша, 80 мың­ға жуық компьютер са­тып алынады. Оның ішінде ком­пьютер мен планшеттер бар. Тиісті талдау жасап көр­дік. Жалпы, еліміз бойынша осынша компьютер саны жет­кілікті деп айта алмаймыз. Сон­дықтан бірнеше жерден із­деп, компьютер бар жерден ком­пьютер алып, жоқ болса план­шеттер алып, мәселені ше­шудің түрлі жолын қарас­ты­рып жатырмыз», – деді ол. Ең бастысы, оқушылар мен студенттер интернет ре­сурс­тарын тегін пайдалана ала­ды. Асхат Аймағамбетов ин­тернет провайдер бойынша келіссөздер жүргізілгенін, атал­ған келіссөздер шең­бе­рінде білім беру ресурстарын арнайы тізім бойынша ақы­сыз пайдалануға болатынын жет­кізді. Ол тізімді Білім жә­не ғылым министрлігі белгі­леп берген.  

Қашықтан оқу жалақыға әсер етпейді

Министр брифинг бары­сын­да қашықтан оқыту фор­маты мұғалімдер жалақысына әсер етпеуі керек екенін, нақ­тылай кетсек, жалақы азай­мауы тиіс екенін қадап айт­ты. Өйткені мұғалімдер қа­шық­тан оқуға дейінгі жұ­мыс көле­мін атқарады. Сон­дық­тан мұ­­­­ға­лім­дердің жалақысын өзгертпеу туралы тапсырма беріл­ген. Бұл тапсырма ар­найы бұйрықта бекітілген. Соңғы күндері әлеуметтік же­ліде Нұрислам есімді бала­ның мектепке барғысы ке­ле­тіні, анасы сабақты «дұрыс тү­сіндірмейтіні» туралы бей­нежазба тараған еді. Министр Нұ­рисламның өтінішіне қа­тыс­ты жауап берді. Ол педагог ре­тінде бұл видеоны жүрегіне жа­қын қабылдағанын айтты. «Нұрисламға анасының оны жақсы көретінін, тек қа­на жақсылық тілейтінін және сол үшін жақсы оқығанын қа­­­­лайтынын айтқым келеді. Анаға ренжудің қажеті жоқ. Оның тілін алып, ренжітпеуге тырыс. Нұрислам секілді мың­даған баланың ұстазы мен сыныптастарын сағынып жүргенін білемін. Мұның бар­лығы елімізде сағынуға тұ­рарлық тамаша педагог­тар­дың бар екенін көрсетеді. Біз оларды қадірлеп, бағалауымыз қажет» деген министр бала­лар­ға қолды сабынмен жиі жуып, жақсы тамақтанып, жаңа оқу кезеңіне әзірленуге кеңес берді.  

     width=Халима БҰҚАРҚЫЗЫ