Қызылорда облысының экс-әкімі мен бірқатар лауазымды тұлға тергеліп жатыр
Қызылорда облысының экс-әкімі мен бірқатар лауазымды тұлға тергеліп жатыр
© inform.kz
213
оқылды
Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шынымен де Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес және тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деді Данияр Биғайдаров. Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысы әкімі қызметіне Гүлшара Әбдіқалықова тағайындалғанын жазған едік.