Ресейде коронавирусқа байланысты жұмысты тоқтату режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды.
«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин індеттің таралуына байланысты халыққа екінші үндеуінде жариялады. Егер жағдай жақсарса, мерзім қысқартылуы мүмкін. Президент сондай-ақ аймақ басшыларына да қосымша тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, Ресейде соңғы бір тәулікте вирусты 771 адам жұқтырып, дертке шалдыққандардың саны 3 жарым мыңнан асты.
Ресей президенті Владимир Путин: «Менің бұйрығым бойынша еліміздің аймақ басшыларына індеттің таралуына қатысты қосымша тапсырмалар берілді. Олар осы аптаның соңына дейін адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін және экономика мен инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін профилактикалық шараларды ұсынуы тиіс», – деді.