«4 сәуір – Аза тұту күні» – Қытайда коронавирус құрбандарын 3 минут бойы еске алады
«4 сәуір – Аза тұту күні» – Қытайда коронавирус құрбандарын 3 минут бойы еске алады
Фото: Интернеттен алынды
223
оқылды
Қытайда 4 сәуір жаңа коронавирус инфекциясы пандемиясынан көз жұмғандарды жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. «Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, шешімді ҚХР Мемлекеттік кеңесі қабылдады. Сенбі күні жергілікті уақыт бойыша сағат 10:00-ден бастап үш минут бойы Қытай халқы қайтыс болғандарды үнсіздікпен еске алады. Елде барлық ту төмен түсіріліп, қоғамдық көңіл көтеру шаралары тоқтатылады. Сондай-ақ автокөліктер, пойыздар мен кемелердің дыбыс белгілерін береді, сиренаның даусы естіліп тұрады. «Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда 4 адам коронавирустан көз жұмды, ауру жұқтырғандар саны 31 адамға артқан, тағы 163 адам емделіп шықты», – деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті. Бұған дейін хабарлағандай, 1 сәуірден бастап Қытайдың медицина билігі елдегі коронавирустық жағдайдың күнделікті бюллетеніне ауру белгілері жоқ инфекциялар енгізе бастады. «2020 жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша құрлықтық Қытайда коронавирустың 60 ауру белгілері жоқ жаңа жағдайы тіркелген, оның ішінде 7-уі сырттан әкелінген. Қазіргі уақытта медициналық бақылауда 1027 ауру симптомдары жоқ науқас бар» делінген ведомствоның бюллетенінде. Соңғы ресми дерек бойынша, құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 81, 6 мың адамға жетті, олардың 76,5 мыңы сауығып шықса, 3322-сі қайтыс болған.