Әлемде пандемия басталғалы дүниежүзінде аталмыш қосымшаның танымалдылығы артқан.Zoom топтық бейнебайланыс бағдарламасы қазақстандықтар үшін қауіп төндіруі мүмкін.
Вирустық инфекция басталғалы әлем бойынша аталмыш қосымшаның танымалдылығы артқан. Алайда, пайдаланушылардың саны көбейген сайын бағдарламаның кем-кетігі де анықталып жатыр.
Atameken Business арнасының хабарлауынша, қауіптің алдын алмаса болмайды.
Zoom қосымшасы арқылы бейне байланысқа шыққан әрбір адамның жеке мәліметтерін көшіріп алуға, жазып алуға болады. Сондықтан пандемия басталғалы онлайн жұмыс істеуге көшкен жұмысшыларға мамандар қауіпсіздік мәселесін қаперде ұстауды ескертеді.