Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 12.00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелдi.
Түркістан облысында - 2 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында – 22 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 20 адам, Жамбыл облысында – 6 адам, Шымкент қаласында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 3 адам,
Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 15 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 16 адам, жалпы 448 науқас тіркелді.