Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтетіні белгілі болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
"Экспресс-тестілер өткізу үшін пациенттерден сауалнама алу жүргізіледі.
Тест өткізу рәсімін оңайлату үшін https://formcovid.eisz.kz/index.html сайтында пациент деректері енгізілетін сауалнама үлгісі жасалды.
Бiр тексеруінен өтетін азаматтар санаты:
- тыныс алу жүйесінің ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар;
- респираторлық белгілері бар ауруханаға жатқызылмаған науқастар.
- автомобиль өткізу пункттері мен темір жолдардағы мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кіретін азаматтар;
- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері.
- карантиндік аймақтардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері.
Жалпы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тексеруінен өте алады.
Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына диагноз қойылмайтынын атап өту маңызды, өйткені ол ағзадағы вирусты анықтамайды, тек қана вирусқа деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайды.
Экспресс-тестілер сенімділігінің 90%-дан аспайтынын атап өтеміз, сондықтан жағдайлардың 10%-на дейін әрі жалған-оң, әрі жалған-теріс нәтиже беруі мүмкін", – делінген хабарламада.