Коронавирустан көз жұмған жетісайлық Алматыдан келгенін жасырған
Коронавирустан көз жұмған жетісайлық Алматыдан келгенін жасырған
© Сурет ғаламтордан
261
оқылды
Түркістан облысындағы COVID-19-дан көз жұмған науқас туралы толық ақпаратты Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы жариялады. Өңірлік басқарманың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. "Ол пневмония, гипертония, қант диабетімен ауырған. Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді. 1 ай көлемінде Алматы қаласы, Қарасай ауданында қонақта болған. Азамат 15 наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырып, үйінде өз бетінше емделген. Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді. Өкінішке қарай, науқастың жағдайы нашарлап бүгін таңертең көз жұмды. Жақын қарым-қатынаста болған 25 адам, ықтималды байланыста болған 40 адамдар тексірілді" – делінген ресми хабарламада. Облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам бақылауда.