Қазақстан мен Украина СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті.
2020 жылғы 3 сәуірде Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөле отырып, кең ауқымды мәселелер бойынша Қазақстан-Украина қарым-қатынастарының қарқынды дамуына сенім білдірді. Алдағы іс-шаралар аясында өзара іс-қимыл форматын нақты талқылады.
COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралу кезеңінде, оның ішінде екі мемлекеттің азаматтарын эвакуациялау бойынша көрсетілген көмек пен қолдау үшін өзара алғыс айтылды.