Елордада 2020 жылғы 6 сәуірден бастап судың өшірілуі туралы мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетсек, мессенджерлерде 6 сәуір күні сағат 10.00-де Астана су арнасындағы апатты жою жұмыстарына байланысты су өшірілетіні туралы хабар тараған болатын. Сол себепті тұрғындарға үйдегі бар ыдысқа су толтырып алуға кеңес берілген. Қала әкімдігі бұл хабарламаны жоққа шығарды.
«Қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көзіне сенуге шақырамыз. Жалған ақпаратты тарату қатаң түрде жауапкершілікке тартылады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.