Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас Ресейден ауырып келген
Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас Ресейден ауырып келген
© Сурет ғаламтордан
172
оқылды
"Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас Ресейден ауырып келген", – деп мәлімдеді Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы. Науқас 1964 жылғы, Түркістан облысының тұрғыны, автомобильмен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші болып жұмыс істеген. Соңғы апта ішінде Ресейден Алматыға 1988 жылғы ұлымен бірге келе жатқан жолда денсаулық жағдайына, дене қызуының жоғарылауына шағымдар пайда болған. 3 сәуірде Шымкент қаласы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. КВИ–ға зерттеліп оң нәтиже анықталған. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезден бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған, жасанды желдету аппаратына қосылған. Қарқынды терапия жүргізілуіне қарамастан, жүрегі тоқтаған. 2020 жылы 5 сәуірде сағат 03:50 қайтыс болу фактісі тіркелді. Қарым қатынастағы болған ұлы қазіргі уақытта ол Алматы қаласына келген, сол жерде стационарлық карантинге оқшауланған. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.