Cтамбұлдан Павлодарға ұшып келген адамдардан коронавирус анықталмады
Cтамбұлдан Павлодарға ұшып келген адамдардан коронавирус анықталмады
© Сурет ғаламтордан
2,302
оқылды
Стамбұлдан Павлодарға арнайы рейспен келген қазақстандықтардан коронавирус анықталмады. Бұл туралы Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов мәлімдеді.
"Кеше 4 сәуір күндізгі уақытта коронавирусқа байланысты Түркиядан эвакуацияланған қазақстандықтар ұшып келді. 102 жолаушының барлығы, оныі ішін Павлодар және көрші облыстардың тұрғындары оқшауланды. Барлығынан коронавирус инфекциясына сараптама алынды. Тест теріс нәтиже көрсетті. Яғни, ешқайсынан коронавирус анықталмады", - деп түсіндірді Біржан Досмайылов. 
Оның айтуынша, тест теріс нәтиже көрсетсе де жолаушылар бақылауда болады.
"Барлық жолаушы 14 күн бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады", - деді Досмайылов. 
Оның алдына дәрігерлер жолаушылардың үй жағдайын тексереді.