Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылы карантинге жабылды.
Аймақта соңғы күндері анықталған науқастардың екеуі – осы елді мекеннің тұрғындары. Қазір ауылға кіреберіс жолдарға блок-бекет қойылып, залалсыздандыру жұмыстары басталды.
Бірінші кезекте науқастардың үйі, ауласы және көше бойы дезинфекцияланады. Науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы оқшауланды.
Айта кетейік, Қызылорда өңірінде коронавирус жұқтырғандар саны 31-ге жетті.
Соңғы анықталған 3 адамның екеуі жоғарыда айтқан Шиелі аумағынан болса, біреуі – Қармақшы ауданының тұрғыны. Облыста коронавирус жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған 740 адам анықталған. Оның 254-і карантинде, 486-сы үй жағдайында бақылауда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Төңкеріс ауылының әкімі төтенше жағдай кезінде тойға барғаны үшін қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.