Мешітте имбирь, лимон, сарымсақты тегін таратты
Мешітте имбирь, лимон, сарымсақты тегін таратты
Фото: semey-meshet.kz
286
оқылды
Төтенше жағдай жарияланып, халықты ауыр індеттен сақтандыру шаралары жүзеге асуда. Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдегі жағдайға байланысты таяуда  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет ел арасында қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөнінде үндеуін жариялады. Дінбасшысының бастамасын  бірауыздан қолдаған   Семей өңірі  бойынша «Зекет» қорының ұйымдастыруымен бірігіп, қиын-қыстау  кезеңде көпбалалы отбасы, жалғызбасты аналарға көмек беру мақсатында «Жүрек жылуы» және #Biz_Birgemiz атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.   Семей, мешіт, лимон, сарымсақ, инжирь Семей өңірі бойынша бірнеше аудандарда ірі қара құрбандыққа шалды. Сонымен қатар 13 тонна картоп,  2 тонна сәбіз, 2 тонна сарымсақ, 2 тонна ұн, 2 тонна макарон, 1 тонна күріш, 300 кг имбирь, 300 кг лимон, 850 литр күнбағыс майы, 800 қорап шай, 800 кг қант, 1300 дана бетперде барлық жиыны 22 тонна азық-түлік 2015 мұқтаж отбасыларға  мешіт қызметкерлері жеткізіп берді.