АҚШ-та Қытаймен байланысы бар ғалым қамауға алынды. Атап айтқанда, WCVB телеарнасы АҚШ әділет министрлігінің ресми мәлімдемесін таратты, - деп жазады adyrna.kz.
Гарвард университетінің (АҚШ) химия және биология кафедрасының меңгерушісі доктор Чарльз Либер қазір күдікті ретінде қамауға алынды. Американдық ғалымның Ухань университетімен астыртын келісімшарты болған және де оны АҚШ билігінен жасырып қалған. Либер Гарвардтағы (АҚШ) өзінің кеңсесінде қамауға алынды.
Аталған американдық ғалым өзінің ғылыми зерттеулері үшін 1,5 миллион доллар көлемінде ақша алған (АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтының, Гарвардтың, Бостон университетінің грантын алды, сонымен бірге Қытайдан тұрақты ақша аударылып тұрған).