Төтенше жағдай кезінде электронды үкіметтің онлайн қызметіне жүгінгендердің саны көбейген.
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспановтың айтуынша, байланыс орталығының 1414 операторлары мен қызметкерлерінің саны 200-ден 2000-ға дейін артты.
Күн сайын 400-ге дейін қоңырау келіп түседі, ең көбi сағатына 600 000-ға дейін қоңырау тіркелді.
ТЖ кезінде электрондық үкімет порталына түсетін жүктеме 20 есеге артты.
Порталдың жұмысқа қабілеттілігін қолдау үшін 2 000 астам процессор және басқа да жүйе құраушы бағдарламалар бөлінген.
85 461 жеке тұлға және 11 337 заңды тұлға ЭЦҚ-ны egov арқылы онлайн алды.