Мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі
Мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі
443
оқылды
Түркістан облысында #Bizbirgemiz акциясы жал­ға­суда. Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиа­лының үйлестіруімен өтіп жатқан акцияға аймақ кәсіп­керлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі белсенді түрде атсалысты. Бүгінде кәсіпкерлердің осы қорға аударған қаражаты мен заттай көмектері арқылы Түр­кістан облысы бойынша 2 мыңдай отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттар топта­масы таратылуда. Оны партия өкілдері, Jas Otan Жастар қана­ты­ның мүшелері мен ерікті жас­тар жүзеге асырып жатыр. Акция аясында «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жанынан қамқор­шы­лық кеңесі құрылған бола­тын. Оның құрамында Түркіс­тан облыстық ардагерлер кеңесі­нің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Ақсақалдар алқа­сы­ның төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Nur Otan пар­тиясы Түркістан облыстық фи­лиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, облыстық Қаржы және мемлекеттік ак­тив­тер басқармасының бас­шысы Әбдірахман Тасыбаев және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қайнар Абасов бар. Бұл қорға 26 млн теңгеден астам қаржы жиналды. Қорға түскен әрбір қаражатқа азық-түлік пен гигиеналық және ме­­­ди­циналық заттар сатып алы­­нып, партияның аудан, қа­ла­лық филиалдары ар­қылы «Ба­қытты отбасы», «Арда­герлерді ардақ­тайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жоба­ла­ры бойын­ша аса мұқтаж жан­дарға көмек көрсетіледі. Олар­дың қатарында тыл ардагерлері, жалғызбасты қариялар, мүм­кіндігі шектеулі жандар және әлеу­меттік жағдайы өте тө­мен көп­ба­лалы отбасылар бар. Бұл жер­дегі мақсат – көмекке зәру, жүріп-тұруы қиын тұр­­ғын­­дарды үйінен шығар­май, көмекті жеткізу. Аталған тұр­ғын­­дардың тізімі облыстық жұ­мыс­­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­лама­лар басқармасы мен ау­дан, қала әкімдіктерімен бекітілді. Көмекті алу үшін партия фи­лиал­­дарына келудің қажеті жоқ. Тізім бойынша беріледі. Деген­мен демеу­шілер қол­дауы күшейсе, қамтылатын тұрғын­дар саны да арта түсуі мүмкін.  

Абылайхан ЖҰМАШ