Карантинге немқұрайды қарауға болмайды
Карантинге немқұрайды қарауға болмайды
205
оқылды
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 54 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 17 жағдай анықталды. Оның 13-і – Шиелі ауданының тұр­ғын­­­дары. Олар алдында анық­­талған науқаспен жақын қарым-қатынаста болған. Осы оқиғаға байланысты Шиелі ау­данындағы бір ауыл тү­гел карантинге жабыл­ды. Ал 3 жағдай – Қы­зылорда қа­ласында, 1 жағдай  Сырда­рия ауданынан анық­талып отыр. Бұл туралы об­лыс­тық Ден­саулық сақтау бас­қар­масы­ның басшысы Жақсы­лық Әбдусәметов айтты.  Қызылорда қаласында анық­талған науқас Ақтау қаласынан вахтадан келуіне байланысты ста­ционарлық карантинге жат­қы­зылған болатын. Ал Сырдария ау­данындағы жағдай Нұр-Сұлтан қаласынан келген адам­нан анық­талды. Ол ЖРВИ симп­том­дары бар болуына байланысты прови­зорлық стационарға бақылауға алын­ды. Қаладағы қалған 2 науқас – осы инфекцияны ал­дында жұқ­­тырғандармен байла­ныста бол­ғандар. – Облысымыздағы жұқпалы ау­рулар ауруханасында – 54 адам, про­визорлық стационарда – 35, каран­тинде – 309 адам ем қабылдап жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, – дейді басқарма басшысы. Ал COVID-19 індетін жұқ­тырған өңірдегі 54 науқаспен бай­ланыста болғандардың жалпы саны – 844.  Жақын қарым-қаты­наста болғандар саны – 326, по­тенциалды байланыста болғандар – 518 адам. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Басқарма басшысы атап өт­кендей, Қызылорда облысына қауіптілік деңгейі 1 А болып бел­­­гі­лен­ген елдерінен 4 адам келген. Ба­р­лығы үй жағдайында бақы­­лауға алы­нып, карантинге жат­қызылған. Сондай-ақ өңірге қауіптілік деңгейі 1Б елдерінен 120 адам кел­ген. Оның үшеуі стационарға оқшауланса, 117 адам үй каран­тиніне алынған. Жалпы, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас­тар санының күрт көбеюіне  облыс тұрғындарының карантин тәртібін сақтамауы себеп болып отыр. – Облысымызда корона­вирус инфекциясын жұқтырған­дардың саны күн сайын өсуде. Меди­цина қызметкерлері 24 сағат бойы осы аурудың алдын алуға ты­рыс­қанымен, оған облыс тұр­ғындары түсіністік танытпай отыр, – дейді Жақсылық Әбдусәметов. Басқарма басшысы брифингте облыстағы үй каран­­тинінде жат­қан тұрғын­дар­дың өзі оқшау­лау тәртібі мен талап­тарын мүлдем сақтамайтынын айтты. Еліміздің бас санитар дәрігері бекіткен қаулыда үй жағдайында карантинге алынғандарға қойы­латын талаптар толық көрсе­тілген. Олар үйлерінен шықпауы, ешкіммен араласпауы керек. Қаулыда көрсетілгендей, тұрғын­дар үй жағ­дайын­дағы карантин та­лап­тары жа­зылған қолхатпен танысып, оған қол қояды. Бірақ оны елеп жат­қан ешкім жоқ. Денсаулық сақ­тау бас­қармасының басшысы об­лыс тұрғындарын карантин талап­­тары мен ереже­лерін, тәр­тібін сақтауға шақырды.  

 width=

 

Миуа БАЙНАЗАРОВА, Қызылорда облысы