– Өзекті мәселелерді өлеңмен көпшілік алдында айту – біздің елдің ежелгі дәстүрі. Біз қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеуді дәріптеу үшін ең тиімді мәдени құрал ретінде айтысты пайдалануға міндеттіміз, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев: Жалпы карантин кезеңінде онлайн режимде хабар таратудың шектеусіз қолжетімділігі арқылы барлық халық қамтылады деп күтілуде. Жарыс 9 сәуірде, қатысушылардың жеребе тартуы мен жұптарды бөлуден басталады. 9 және 19 сәуір аралығында 1/8, 1/4 және 1/2 финалы өтеді. Онлайн айтыстың ақтық финалы 2020 жылдың 18 және 19 сәуіріне жоспарланған.Сайыстың өту барысын штабтың Facebook, Instagram, YouTube-тегі парақшаларынан көруге болады. Жеңімпаздар Telegram арнасында онлайн дауыс беру және мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің төрағалық етуімен қазылар алқасының арасында дауысты пайыздық қатынаста бөлу арқылы анықталады. Бас жүлдеге «Алтын орда» авторлық дизайн үйі Tengri эксклюзивті этно-инсталляциясын және «Біз біргеміз» логотипімен кәдесый ұсынады.
Ә.ЖҰМАН