Қытайлық дәрігер елге коронавирустың екінші толқыны жақындап келе жатқанынын айтты
Қытайлық дәрігер елге коронавирустың екінші толқыны жақындап келе жатқанынын айтты
© REUTERS
292
оқылды
Шанхайдағы коронавирус бойынша сарапшылар тобының жетекшісі Чжан Вэньхун Қытайға коронавирустың екінші толқыны жақындап келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Caixinglobal. "Биліктегілердің елде COVID-19 таралуы тоқтап жатыр деген мәлімдемелеріне қарамастан мен алда әлі де біраз уақыт абай болуға кеңес беремін. Біз пандемияның екінші толқынына дайын болуымыз керек. Ол басталып кетті", - дейді қытайлық вирусолог.
Чжан коронавирус пандемиясының екінші толқынынан қашып кету мүмкін еместігіне сенімді.
Оның айтуынша, вирустың жаңа толқыны біріншісіне қарағанда ұзаққа созылып, салдары бұдан да қайғылы болуы мүмкін.