Дәрігерлердің жұпыны жағдайын түсіріп, желіні шулатқан адам ұсталды
Дәрігерлердің жұпыны жағдайын түсіріп, желіні шулатқан адам ұсталды
250
оқылды
Жамбыл облысы Полиция департаменті қызметкерлерімен «Амазонка» қоғамдық қорының қызметкерлерінің бір реттік пакеттерді киіп жатқанын бейнежазбаға түсірген адамның жеке басы анықталды. Ол өз бейнежазбасында «Бұл біздің онкология ауруханасы, дәрігерлердің жағдайы жұпыны» деген пікір білдірген. Бейнежазбаны түсірген Тараз қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол әлеуметтік желіге жариялаған жазбасында жалған ақпарат бергені туралы мойындады. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды. Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.

Саятхан Сатылғанов, Жамбыл облысы.