Шырайланған Түркістан
Шырайланған Түркістан
134
оқылды
Түркістанда 8 мың гектар аумаққа ағаш  егілді. Соның ішін­де алма мен алмұрт, өрік пен шие көшеттері отырғы­зылды. Жыл сайын отырғызылатын көшеттер алаңы кеңейіп келеді. Қазір көне шаһар жасыл қалаға ай­налып келеді. Қаланы бау-бақшаға бөлеуге бағбандар атса­лысып жатыр. Облыс әкімі Өмір­зақ Шөкеев қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді. Дәл осы мақсатта қала 32 секторға бөлінген болатын. Әрқайсысы бойынша аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары жауапты.  

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ