Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирусты жеңе бастады
Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирусты жеңе бастады
© azattyq-ruhy.kz
2,208
оқылды
Елімізде қатаң карантин режимінің арқасында коронавирустың таралу деңгейі 7%-ға дейін төмендеген. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақсылықова айтты.
«Аурудың таралуы карантин режимі енгізілгеннен кейін ел бойынша 20%-дан 7%-ға дейін төмендеді. Соңғы күндері, әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында аурудың таралуы динамикасы азайғанын байқаймыз.  4 сәуірден бері Нұр-Сұлтанда инфекцияның жайылуы 8,4%-дан 0,9 %-ға, Алматыда 15%-дан 2,5 %-ға аз болды. Апта басынан бері бұл қалаларда тек 6 жағдайдан ғана тіркелді», - деді Ботагөз Жақсылықова бүгін онлайн-брифингте.
Қазір ауруханада жатқандардың 80%-ының жағдай жақсы, яғни ауру деңгейі «жеңіл».
«Стационларлық емде қазір 712 адам жатыр. Алматыда жатқан бір адамның жағдайы өте ауыр. 17 адамның жағдайы орташа ауыр. 107 адамның жағдайы орташа. Қалған 80% науқастар жеңіл жағдайда ауырып жатыр», - деді бұл туралы жауапты хатшы.