Ауру жұқтырған адам 21 жастағы Шиелі ауданының тұрғыны, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошағы дезинфекцияланып, жақын және ықтимал қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталуда. Барлығы медициналық бақылауға алынуда, – делінген хабарламада.
12.04.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта коронавирусты 117 адам жұқтырған.