Алматы облысында 21 жастағы бойжеткен коронавирус жұқтырды
Алматы облысында 21 жастағы бойжеткен коронавирус жұқтырды
© inform.kz
159
оқылды
Алматы облысында коронавируспен ауырған 12-науқас тіркелді. Сырқат - 1998 жылғы қыз бала, Талғар ауданы, Ақтас ауылында тұрады. Ол короновирус инфекциясының 11-ші жағдайы ретінде тіркелген, КВИ анализдері оң нәтиже көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғынымен байланыста болған. 12-ші сырқат Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Онымен байланыста болған 11 адам анықталып, барлығы да карантинге алынған. Атап өтсек, 12 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматы облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған бір пациент емделіп шықты. Еске сала кетейік, дәл қазіргі сәтте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 911 адам бар.