COVID-19: Індетке шалдыққандар саны 951-ге жетті
COVID-19: Індетке шалдыққандар саны 951-ге жетті
Фото: Интернеттен алынды
159
оқылды
Қазақстандағы коронавирус бойынша 12 сәуірдің 23.30 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 адам тiркелді, Қызылорда облысында –  1 адам, Алматы облысында –  9 адам, Алматы қаласында –  5 адам, Түркістан облысында –  7 адам, Нұр– Сұлтан қаласында –  2 адам. Соңғы дерек бойынша Нұр– Сұлтан қаласы бойынша 251 адам, Алматы қаласында – 165 адам, Қарағанды облысында –  65 адам, Ақмола облысында –  71 адам, Атырау облысында –  59 адам, Жамбыл облысында –  46 адам, Шымкент қаласында –  38 адам, Шығыс Қазақстан облысында –  6 адам, Алматы облысында –  21 адам, Ақтөбе облысында –  11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында –  25 адам, Павлодар облысында –  10 адам, Маңғыстау облысында –  10 адам, Қызылорда облысында –  118 адам, Батыс Қазақстан облысында –  9 адам, Түркістан облысында –  43 адам, Қостанай облысында –  3 адам, жалпы 951 науқас тіркелді.