Шереметьеводағы ұшақ апаты: 41 адам қаза тапты
Шереметьеводағы ұшақ апаты: 41 адам қаза тапты
386
оқылды

Шереметьево әуежайында «Аэрофлот» компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағымен болған апатта 41 адам қайтыс болды.

Бұл жайында Ресей Федерациясы ТК Мәскеу өңіраралық тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Елена Марковская мәлімдеді.

«РИА Новостидің» мәліметінше, апаттан 41 адам қаза болған. 4 экипаж мүшесі және 33 жолаушы аман қалған.

Вести.ru-дың жазуынша, құрбан болғандардың бірі – жолсерік Максим Моисеев.

Куәгерлердің айтуынша, ол соңына дейін жолаушыларды жанып жатқан ұшақтан шығарған. Оған әріптестері Татьяна Касаткина мен Ксения Фогель көмектескен. 

Мәскеуден Мурманск қаласына ұшып бара жатқан «Аэрофлоттың» Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбіде Шереметьево әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған. Ұшақ ұшқаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. Ұшақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шыққан. Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко бортта болған 78 адамның 37-і тірі қалғанын хабарлады.