Халықаралық ұйым Рамазан айының алдында кеңес айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бірнеше діни мереке – Пасха, Песаха және Рамазан кезінде коронавирус инфекциясын таратпай, атап өту үшін тәжірибелік нұсқаулықтар берді.
Ал БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Мерекелер – отбасы, әулет бірге жиналатын уақыт. Құшақтасып, қол алысып амандасып, адамдарды рухани біріктіретін мереке. Бірақ осы жолы қол алысып амандасуға болмайды», – деді.
ДДҰ-ның мәлімдеуінше, дін көшбасшылары халықтың құрметі мен сеніміне ие. Сондықтан олар коронавирустың алдын алуға айрықша ұлес қоса алады.
«Шіркеулер, синагога және мешіттерде адамдардың жиналуына келсек, сарапшылар мұнда ұлттық билік берген кеңестерді ұстануға шақырады. Баруға рұқсат етілсе де, қатаң санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау: бір-бірінен бір метр жерде жүру, адамдарды ұстамау, бір-бірін сүймеу және қасиетті заттарға маңдайды тигізбеуге кеңес етіледі» делінген ресми хабарламада.
ДДҰ мәліметінше, егер діни ошақтарға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмаса, діни жоралғыларды өткізуден бас тарту немесе оларды қашықтан өткізу мүмкіндігін қарастыру керек.
Еске сала кетейік, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады. Православ христиандары Пасха мерекесін 19 сәуірде тойлайды. Ал еврейлердің бір аптаға созылатын Песах мейрамы 8-16 сәуір аралығында өтеді.