160 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала ма?
160 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала ма?
387
оқылды

Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмысы қалай атқарылып жатқанын айтты.

«Ел ішіне жасалған жұмыс сапарында халық әлеуметтік сұрақтарға жауап берді. Оның қалай шешілетіні жөнінде айтылды. Сіздер білетіндей, министрліктің қасында мемлекеттік органдармен бірлесе құрылған жұмыс тобы бар. Осы өткен 4 айдың ішінде жұмыс тобы 11 отырыс өткізді. Жалпы, қазіргі таңда 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ол шамамен, 806 мыңдай адам. 10 мың отбасыға АӘК тағайындалған жоқ. Себебі, олар берілген талаптарға сәйкес келмейді. Яғни, табыстары белгіленген критерийден асып тұр», – дейді Бердібек Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, бүгінде сәуір-мамыр айына атаулы әлеуметтік көмек үшін 23 млрд теңге қарастырылған.

«Жалпы, жыл бойы атаулы әлеуметтік төлемді төлеу үшін 130 млрд теңге қарастырылған. Орта есеппен әрбір отбасыға 105 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бір айта кететін мәселе: әлеуметтік желіде кейбіреулер бұл төлем бірінші тоқсанда төленеді деп жатыр. Қайталап айтарым: төлем жыл бойы төленеді. Бірақ, оның ережесіне сәйкес табыс жыл сайын, тоқсан сайын нақтыланып отыратын болады», – дейді министр.