Жеке кәсібін жайдан-жай аша салғандар 42 500 теңге алмайды – министр
Жеке кәсібін жайдан-жай аша салғандар 42 500 теңге алмайды – министр
Фото: Интернеттен алынды
231
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жеке кәсіпкерлік (ИП – ред.) куәлігін алып, бірақ  жұмыс істемеген заңды тұлғаларға 42 500  теңге төленбейтінін айтты. Министрдің айтуынша, төтенше жағдайға дейін жеке кәсіпкерлік куәлігін алып, бірақ ол бойынша ешқандай жұмыс істемегендерді Салық комитеті анықтайды. Оларға 42 500 теңге әлеуметтік төлем берілмейді. Кезінде «керек болып қалар деп жеке кәсіпкерлік куәлігін алған азаматтар, салық органдарына барып, ЖК-сын жабуы керек», – деді министр. Айта кетейік, деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі – 3 жұмыс күні. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.