Ресейлік әнші және продюсер Стас Михайловтан коронавирус инфекциясы расталды, деп хабарлады ria.ru.
50 жастағы әншіден алынған коронавирусты тексеруге арналған тест оң нәтиже көрсеткен. Бұған дейін ол екіжақты пневмониямен ауырғанын хабарлаған еді.
«Біз тек өзімізді ғана емес, жақын адамдарымыз туралы да ойлауымыз керек! Өзіңе қамқор болып, үйде бол!», - деді әнші.